Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ПАВЛОДАР: ТОРАЙҒЫРДА ӨТКЕН ҚҰРАН ОҚУ ЖАРЫСЫ

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ 19.08.2019 3454 0 пікір
ПАВЛОДАР: ТОРАЙҒЫРДА ӨТКЕН ҚҰРАН ОҚУ ЖАРЫСЫ

Осы апта соңында  ҚМДБ-ың Павлодар облысы бойынша өкілдігі және «Мәшһүр Жүсіп» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Баянауыл ауданы, Сұлтанмахмұт Торайғыр ауылында қазақтың көрнекті биі, Баянауыл сыртқы округінің алғашқы аға сұлтаны, «Төрт ұлы» одағының төбе биі Шоң би Едігеұлының туғанына 265 жыл толуына орай   облыстық додалы Құран оқу жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өз мәресіне жетті. Жарысқа облысқа қарасты қала, аудан мешіттерінің  үкілеп қосқан 30 жамағаты қатысты.

Құран оқу жарысы «Құранның бір парасын жатқа оқу» және  «Құран Кәрімнен мәнерлеп оқу» аталымдары бойынша екі топқа бөлініп  жүргізілді.

Бүкіл облыс  үміткерлері қатысқан жоғары деңгейдегі мұндай  шара  ауылдық жерде алғаш өтіп отыр. Шараны тамашалауға облыстың түкпір- түкпірінен мешіт қызметкерлері, жанашыр жамағаты ағылып келіп жатты. Торайғыр аулының тұрғын халқы да  қатысушыларға арнап  кең дастарханын жайып, разы қош болып, жайдарлы жазда бір жадырап қалды. «Құраннан сайыс өту деген ең үлкен бақыт, шіркін қазіргі жастар бақытты ғой»,- деп тарқасты қариялар.

«Құранның бір парасын жатқа оқу»дан оза шапқандар Райымбек Тілеубердинов (Екібастұз қаласы), Әміралинов Ержан (Ақтоғай ауданы) Әлімбеков Бауыржан (Ақсу қаласы)-дар  болса,  «Құран Кәрімнен мәнерлеп оқу»  аталымы бойынша  Нұрахмет Хайроллаұлы (Екібастұз ауданы), Сираж Олжас (Ақмешіт мешіті), Жағыпар Ғабдылғазиз (Май ауданы) –дер шашасына шаң жұқтырмады.

Осындай берекелі шараның көптеп ұйымдастырыла беруіне тілектеспіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру