Аллаға сансыз мадақ! Қадірлі ағайын, мінекей, ҚМДБ «Зекет» қорының "Ел үлесі- пәтерге" жобасының аясында 119-шы баспана да өз иесін тапты! Қасиетті жұма күні Талдықорған өңіріне қарасты Панфилов аудандық орталық мешітінде жұмаға жиналған жамағаттың куә болуымен Пенжім ауылының тұрғыны, төрт баланың анасы Масимова Гүлбахрамға жаңа үйдің кілті табыс етілді. Айта кетерлігі, бұл үйді ауылдағы жамағат «Ел үлесі – пәтерге» жобасының аясында жиналып өз қаражаттарына салып берген еді. Игі іс-шараға Панфилов ауданының бас имамы Серік Шәріпұлы және аудандық орталық мешіттің наиб имамы Сарпеков Ұлан, сондай-ақ, «Зекет» қорының аудандық өкілі Жайшыбеков Қабди қатысып, жиналған көпшілікке жылы лебіздерін білдірді. Өз тарапымыздан, талай шаңырақтың шаттыққа кенелуіне себепкер болып жүрген барлық азаматтарға, сондай-ақ, жобаға атсалысқан ақкөңіл ағайынға алғысымызды білдіреміз!



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қорының өкілдігі
19.08.2019
3020
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру