Ұлық мереке Құрбан айт қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Майемер ауылында жаңа мешіт ашылып, еліміздегі діни құлшылық ордаларының қатары тағы бір мешітпен толықты.
Жаңа мешіттің ашылу салтанатына Қатонқарағай ауданы әкімі, аудан имамы Е.Амангараев және өңірге белгілі ақсақалдар, қайраткерлер қатысты.
Қатонқарағай аудандық «Қабдығали ата» мешітінің бас имамы Е.Аманғараев сөз сөйлеп: «Ұлық мереке Құрбан айт қарсаңында Алтай баурайында жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Шығыс өңір үшін бұл үлкен қуаныш. Мешітіміз жамағатқа толы болсын. Мешіт салған азаматтарға Ұлы Алла Тағаланың разылы болсын. Бұл аса зор сауапты іс» дей келе, жиналған халықты Құрбан айт мейрамымен құттықтап, жаңа мешітті ашты.
Салтанатты шарада Құран оқылып, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасалды. Майемер ауылында ашылған бұл мешітте жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
16.08.2019
3411
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру