Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал ас – әрбір отбасы үшін

www.muftyat.kz 15.08.2019 3952 0 пікір
Халал ас – әрбір отбасы үшін

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас ғимаратында қала мешіттерінің әйел-қыздар секторының ұстаздарына халал мен харам тағамдық қоспалары туралы семинар өтті.

Семинардың шымылдығын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб муфти Бауыржан Есмахан, «Халал даму» ұйымының директоры Елжанов Ануар, Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы ашты.

«Халал даму» ұйымының бас сарапшы-технолог маманы Омарова Айжан семинарға жиналған ұстаз, шәкірттерге халал мен харам тақырыбын ғылыми-ақпараттық таным негізінде түсіндіріп өтті. Қазіргі уақытта ішіп-жеп отырған асымызға мән беріп, сараптаудың маңыздылығы, оның құрамындағы түрлі тағам қоспаларына аса мұқияттылықпен қараудың маңыздылығы жөнінде сөз қозғалды.

Семинар соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру