ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ұлық мейрам Құрбан айт қарсаңында «Қайырымдылық жасайық!» акция жариялады. Шара аясында халықтан мешіттерге жиналған 8 тоннадан астам етті Өскемен қаласында және аудандарда тұратын тұратын көп балалы тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға таратылды. Осынау ізгілік шарасы барысында 1750 отбасыға құрбан еті үлестірілді.
Сонымен қатар Ұлан ауданына қарасты Таврия мекеніндегі «Хоспис» қарттар үйіне облыстық «Халифа Алтай» мешіті ұлық мереке қарсаңында қайырымдылық көмегін жасады.
Бұл жолы «Хоспис» мекемесіне облыстық мешіттен 200 келі құрбан еті мен азық-түлік, киім-кешек және көрпе-жастық секілді тұрмысқа қажетті заттардың көмегі жасалды. Имамдар ондағы қарияладың көңілін сұрап, хал-жағдайларымен танысты.
Өскемен аймағы бойынша «Зекет» қорының өкілі Хуат Аманбол: «Құрбан айт мерекесі қарсаңында біз айырымдылық шарасын басты орынға қойып отырмыз. Көпбалалы отбасыларға және қаладағы әлеуметтік мекемелерге Құрбан айтта жиналған етті таратудамыз. Жеке отбасылардан бөлек «Хоспис» қарттар үйіне мешіт тарапынан арнайы құрбан шалынып, азық-түлік және өзге де қажетті заттардың көмегі жасалды»,- деп таныстырды.
Көмек алған жандар облыстық мешітке алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
15.08.2019
2712
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру