Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде жазғы діни сауат ашу курсы қорытындыланды

nurgasyr.kz 15.08.2019 3266 0 пікір
Ақтөбеде жазғы діни сауат ашу курсы қорытындыланды

Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының жабылу рәсімі өтті. 6-13 жас аралығындағы 150-дей бала қатысқан салтанатты іс-шарада ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан сөз сөйледі.

Т.Дәділұлы балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының 3 кезеңінің жұмысын қорытындылап, ұстаздар мен белсенді ата-аналарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, балаларды алдағы келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.

Бұдан кейін мерекелік дастарханда бас қосқан балалар «Алақай» қуыршақ театрының қойылымдарын тамашалады. Жас толқынды ізгілікке тәрбиелейтін «Ұр, Тоқпақ», «Шық бермес Шығайбай» атты сахналық көріністерді қуыршақ театрының ұжымы жас жеткіншектерге тегін тарту етіп, шадыман шаттық сыйлады. 

Салтанатты іс-шара барысында балдырғандар өнерлерін ортаға салып, тақпақ айтып, өлең оқыды. 

«Нұр Ғасыр» мешітінің балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының жабылу рәсімінде Құран бағышталып, жас ұрпаққа бата берілді. 

        

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру