Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұстазы Г.Жұмағалиева кішкентай бүлдіршіндер үшін «Құрбан айт қасиетті мереке» атты мерекелік шара ұйымдастырды.
Бүлдіршіндер өзара дұғалар айтып, Құрбан айт турасында тақпақтарын айтып өз өнерлерін ортаға салды. Шараны ұйымдастырушы Гаухар ұстаздың айтуынша осындай іс-шаралардың өткізудегі негізгі мақсат - жас бүлдіршіндердің бойына қазірден бастап діни мерекелер мен дәстүрімізді танып білуіне жағдай жасап, Құрбан айт мейрамын мерекелік көңіл күймен өткізу деді.
Жиын соңында барлық бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестірілді. Тәтті тағам мен көңілді шарадан соң Құрбан айт мерекесін келер жылда тағатсыздана күтетіні анық.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
15.08.2019
3073
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру