Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетау: «Құлагер» атшабарында ұлттық спорт түрлерінен сайыс болды

nasihat.kz 14.08.2019 3044 0 пікір
Көкшетау: «Құлагер» атшабарында ұлттық спорт түрлерінен сайыс болды

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне Науан хазірет мешіті Көкшетау қаласының іргесіндегі «Құлагер» атшабарында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізді. 

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  ислам күнтізбесіндегі ұлық мерекелерді тағылымды өткізуге ұдайы назар аударатынын атап көрсетті. Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов өз сөзінде  асыл дініміздің рухани құндылықтарына жан-жақты тоқталды. 

Одан әрі атшабардағы сайыстар да бастау алды. Бір сәт елдің назары балуан күресіне ауды. Ал, он екі шақырымдық ат бәйгесіне ынтызары ауған елдің де делебесі қозып, қай сәйгүлік бас жүлде алар екен деп ден қойғаны тағы бар.  Біз осы ойындарды ұйымдастыруға ұйытқы болған Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық мектептің директоры Марат Қойшинді сөзге тартқанымызда, ол қазақтың жауынгерлік бір қыры осы ұлттық спорт арқылы өрбігенін тілге тиек етті. 

Тай жарыста Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданына қарасты Бірлестік ауылының шабандозы Ринат Мәжитов, ал, он шақырымдық бәйгеде красноярлық Райымбек Кенжетаев бас жүлделерді жеңіп алды.

Табиғат аясындағы атшабарға жиналған көрерменге концерттік бағдарлама ұсынылды. Соңынан Құрбан айттың құрметіне ас берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру