Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Таразда Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті

asyldin.kz 14.08.2019 3178 0 пікір
Таразда Құрбан айттың құрметіне спорттық сайыс өтті

Жұртшылық бірін-бірінің үйіне айттап, көрісіп, татуласып, құрбандық шалу сынды игіліктерді бірлесіп атқарып жатыр. Мереке қарсаңында "Һибатулла Тарази" мешіті ұлттық ойын түрлерінен спорттық сайыс ұйымдастырды. 

Дүбірлі дода облыс көлемінде атқарылғандықтан орталық мешітке қала, аудан мешіттерінің жамағаты жиналды. 

Көпшілік арқан тарту, гір тасын көтеру және кіші футболдан сынға түсті. Тартысты өткен жарыста гір тасын көтеру бойынша 101 көрсеткіш көрсеткен Олжас 1 орынды иеленсе, 100 рет гір көтерген Жанболат 2 орынға шықты, 3 орынды 85 көрсеткішімен Кенжетай қанағат тұтты. Ал арқан тартыс бойынша "Акрам Төре" мешітінің құрамасы 1 орын, Имамдар тобы 2 орын, Жамбыл ауданының құрамасы 3 орынан көрінді.

Кіші футбол сайысы бойынша 1 орынды "Акрам Төре" мешітінің құрамасы алса, 2 орынды Байзақ ауданының құрамасы қанжығасына байлады, ал 3 орынды "Достық" тобы иеленді. 

Барлық өнер көрсеткен спорт сүйер жеңімпаз топтарға қаржылай сыйлықтар табысталды.  Жеңімпаздарды ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев, Тараз қаласы "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Ғазиз Ахмет марапаттады. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру