Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Халифа Алтай» мешітінде бірегей мұражай ашылды 

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 12.08.2019 2815 0 пікір
ШҚО: «Халифа Алтай» мешітінде бірегей мұражай ашылды 

Ұлық мереке Құрбан айт қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен «Халифа Алтай» мешітінде «Ислам мәдениеті ұлттық дәстүр» атты мұражай ашылды.

Мұражайдың ашылуында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы: «Биыл Құрбан айт мейрамы облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Ислам мәдениеті ұлттық дәстүр» мұражайы ашылуымен ерекше болып отыр. Бұл игі іс рухани жаңғыру бастамасының аясында облыстық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асты. Мешіт тек діни құлшылық орны ғана емес салт-дәстүрді, тарихымызды насихаттайтын ірі рухани орталық болуы тиіс. Бүгінгі заман талабы да осыған саяды»,- деді.

Мұражайдың лентасын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов және ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев қиды. Облыс басшысы Д.Ахметов рухани жаңғыру аясында ұлтымыздың тарихын түгендеп, оны ұрпаққа аманат етудің маңызды іс екендігіне тоқтала келе, «Біз тарихы бай, келешегі кемел ұлтпыз. Бұл жерден Ислам тарихымен ұлттық дәстүрден де мол мағлұмат алуға болады» деп түйіндеп, мұражайдың ел игілігіне қызмет ететіндігін жеткізді.

«Ислам мәдениеті және ұлттық дәстүр» мұражайы сақ, ғұн, түркі дәуірі және ислам тарихы, қазақ халқының мәдениеті деген негізгі бөлімдерден тұрады. Мұражай төріне Күлтегін ескерткішінің көшірмесі, Тайқазан, қазақтың алты қанат киіз үйі қойылып, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Иассауи кесенесің бейнесі бедерленген. Бірқатар мешіттердің макеті қойылды. Қасиетті Құран кітабының бірнеше тілдегі электронды замануи көшірмесі, тарихи құнды еңбектердің электронды нұсқаларын да бұл жерден көруге болады. 

 

Ұлық мейрам Құрбан айт қарсаңында бұл діни руханиятқа жасалған үлкен сый болды. Іс-шараға жиналған халық жәдігерлерді тамашалап, бастама иелеріне шынайы қуаныш, тілектерін білдірді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру