Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, "Жаңа ауыл" мөлтек ауданында жаңа құлшылық үйі ашылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы аудан халқын мұсылмандардың ұлық мерекесі қарсаңында қатар келген қуаныштарымен құттықтап, демеуші азаматтарға алғысын білдірді.
Мешіттің лентасы салтанатты түрде қиылған соң сәулеті келіскен жаңа құтханада дүниеден өткен ата-баба рухына Құран бағышталды, Алла Тағалаға мадақ айтылып, жамағатпен дұға жасалды.
Жеке кәсіпкер М.Батталовтың демеушілігімен салынған мешітте бір мезетте 200 адамға дейін құлшылық жасай алады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
12.08.2019
3179
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру