Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайдағы Құрбан Айт мерекесі

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 12.08.2019 3160 0 пікір
Қостанайдағы Құрбан Айт мерекесі

Айт күні мереке әрі демалыс күні болған соң облыстық мешітке халық көп жиналды. Жұртшылықтың алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі өкіл және облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы сөз сөйледі. Мерекемен құттықтап, әрбір шаңыраққа ырыс-ынтымақ, молшылық тіледі. 

Ол бұл Айттың өзіндік танымдық-тәрбиелік жағына айрықша көңіл бөлді. Бұрын белгілі бір себептермен араздасқан кісілер болса татуласып, бір-бірінен кешірім сұрау, дүниеден өткен кісілердің қабіріне барып тағзым ету, жетім-жесірге қамқорлық жасау керектігіне тоқталды.

Құрбан айт намазынан кейін облыстағы арнайы бөлінген орындарда мұсылман бауырларымыз құрбандық шалды. Осы күндері Құрбан айт мерекесінің құрметіне халық арасында қазақша күрестен жарыстар өткізу жоспарланған.

Ал қайырымдылық мақсатында барлық мешіт құрбандық еттерінен аз қамтылған және көмекке мұқтаж отбасыларына үлестіруде.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру