Күллі мұсылман қауымы әлеміндегі ұлық мерекенің бірі - қасиетті Құрбан айттың құрметіне Атыраудың барлық мешіттерінде бүгін жергілікті уақыт 7.00-де айт намазы оқылды.
Құлшылық етуге келген халықтың көптігі соншалық, орталық "Иманғали" мешітінің ішкі залдары мен ауласында ине шаншар орын қалмады. Айт намазын ашық аспан астында оқығандар көп.
Мерекелік мінәжатқа жиналған жамағатты орталық "Иманғали" мешітінің бірінші наиб имамы Мұрат Мұстафаев құттықтап, қасиетті Құрбан айт туралы уағыз айтылды. Кейін ұстаз Мұрат Мұстафаев айт намазын жүргізді. Намаздан кейін айт хұтпасы оқылып, мешіт жамағаты Жаратушы Алладан еліміз бен жерімізге амандық, тыныштық тілеп, дұға жасады. Дұға жасалып болған соң, мешітке жиналған мұсылмандар бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтап, мәре-сәре болды.
Қасиетті мереке құрметіне бас мешітте ұлттық спорттық ойындардан сайыс болды. Сонымен қатар Атыраудың бас мешітінде мұқтаж отбасыларға құрбан малдың еті таратылды.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз қызметі
12.08.2019
3031
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру