Айттың алғашқы күні облыстық орталық мешітінде Қарағанды облысының әкімі Қошанов Ерлан Жақанұлы айт намазына қатысып, мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Облыстық мешіт ғимаратында жақсы уағыздар да айтылып, жиналған ағайын арқа-жарқа болып жатты. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлы жамағатқа ақ тілегін айтып, мешіттің ұйымдастыруымен өтетін мерекелік іс-шараның бағдарламасымен таныстырып, артынша халықты мешіт алаңында өтетін қайырымдылық жәрмеңкесіне шақырды. Күндердің ең абзалында мәре-сәре болған ағайын мұсылман халқының ең үлкен рәсімен жай тойлап қана қоймай, мұқтаж жандарға құрбандық еттерін таратты. Артынша облыстық мешіт алаңында дүбірлі дода басталды. Ұлттық ойындар мен жарыстар оның ішінде, қазақша күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс, қой көтеру секілді ойындар арасында қызу тартыс өтті. Кіл жүйріктерге мешіт ұжымы марапаттау қағаздары мен бағалы сыйлықтар үлестірді.
Айт намазына арнайы келген жамағаттар мешіт тарапынан жасалған дәстүрге сай іс-шараларға дән риза болып алғыстарын айтып жатты.
Барша мұсылман асыға күтетін айт мейрамы күні Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы балаларға да базарлық ретінде балмұздақ пен тәттілер таратып олардың қуанышына куә болды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ihsan.kz
12.08.2019
3048
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру