Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Өскемендегі Құрбан айт мерекесі 

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 12.08.2019 2454 0 пікір
ШҚО: Өскемендегі Құрбан айт мерекесі 

Айт намазы уақытында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті жамағатқа лық толды. 

ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев айт намазына жиналған жамағатты ұлық мерекемен құттықтап, ислам құндылықтарынан тұщымды насихат айтты.

Бұдан соң ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы халықты ұлық мерекемен құттықтап, елімізге ізгі тілегін жолдап, Құрбан айттың маңызына тоқталды.

Жұртшылықты Құрбан айтпен құттықтаған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметов: «Құрбан айт жаңа сатыға көтерілген мейрам ретінде белгіленіп келеді. Құрбан айт татулық пен бірліктің және қайырымдылық жасау мейрамы. Көнеден жалғасқан бұл үрдіс күні бүгінге дейін жалғасын табуда»,- деп елімізге амандық пен бейбітшілік, халқымызға береке, ынтымақ тіледі.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің алдына және құрбан шалатын орынға Өскемен қаласындағы барлық мешіттер ақшаңқан киіз үйлер тігіп, жамағатқа бауырсақ үлестірілді. Ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Домбырамен әсем қалықтап, күмбірлі күй шалқыды.

Өскемен қалалық әкімдігі биыл Құрбан шалу орнын қоршап, барынша ретті ұйымдастырылуына аса назар аударды. Ондағы тәртіп пен реттілікке, мал бағасының қолжетімді болуын мешіт имамдары қадағалауда.

Осылайша Өскемен өңірінде Құрбан айт мерекесі қайырымдылық пен ынтымақ мерекесі ретінде халықтық сипатта белгіленіп өтуде.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру