Семей қаласы жұртшылығы таң атысымен орталық «Қос мұнаралы» мешітіне лық толды. Семей мешіттері жамағатқа лық толып, ине шаншар орын болмады. Олардың арасында жастардың көптігі әрине бізді қуантты.
Айт намазына жиналған қауымға Семей аймағы бойынша өкіл имамы Мақсат Алтыбай ең алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз хазіреттің Құрбан айт мерекесіне арналған құттықтауын жеткізді. Одан кейін мешітке жиналған жамағатқа «Ұлық мереке – Құрбан айт» тақырыбында мазмұнға толы уағыздар мен Құрбан айттың қасиеттері мен айтта орындайтын ізгі амалдарға кеңінен тоқталып өтті.
Айт намазы оқылғаннан кейін жұртшылық бір-бірінің қолын алы құттықтасып жатты.
Қала әкімі Ермак Бидахметұлы құрбандық шалып, Семей аймағының өкіл имамы Мақсат Қуанышұлы бата жасап, шалған құрбандықтары мен жасаған амал-әрекеттерінің қабыл болуын тіледі.
Келесі Құрбан айт мерекесіне отанымыз тыныш, бірлігіміз бекем болып, аман-есен жетейік!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
12.08.2019
2520
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру