Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодардағы Құрбан Айт мерекесі

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 12.08.2019 2976 0 пікір
Павлодардағы Құрбан Айт мерекесі

Айт намазы Павлодар облысы бойынша барлық мешіттерде таңғы сағат жетіде басталды. Павлодар қаласы жұртшылығы таң атысымен орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне лық толып, өкіл имам Жолдас Қоспақұлының қазақ және орыс тілінде айтқан уағызын тыңдады. Құрбан айт намазында бас имам Бертымұратов Жолдас Аллаға шүкірлік айтып, Алланы ұлықтап, еліміздің амандығын, тәуелсіздігіміздің тыныштығын тілеп, дұға етумен аяқтады.

Айт намазына облыс әкімі Болат Бакауов  бастаған лауазымды тұлғалар түгелдей дерлік келіп қатысты.

Павлодарлық мұсылман қауымы келесі кезекте қала шетіндегі «Құлагер» атшабары маңына арнайы жасалған Құрбан шалатын орынға ағылып жатты. Ондағы құрбан шалуға қажетті барлық дайындықтар толық жасалып, реттелген арнайы орында құрбан шала бастады.

Айт мерекесінің алғашқы күні өңірлік барлық БАҚ-тардан хабар таратылды. Онда имамдар сұхбат беріп, құрбан шалудың үкімдері, құрбан шалудың тәртіптері, құрбандықты өкілдік беріп шалдыру мәселесі, қайыр-садақа, шектік беру мәселесі т.б көптеген сауалдарға тоқталып, көрермендерден қойылған сұрақтарға кең көлемде жауап беріп жатты.

Сонымен қатар, Құрбан Айт мерекесінің алғашқы күні Қазақстан Халқы Ассамблеясы атындағы қалалық саябақ алаңына қала халқы мен балалар, жастарға арналып арнайы бағдарлама бойынша мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды. Шараға қала халқы мол жиналып Құран жарысы, көңілді старт, гир көтеру, қол күресі, арқан тарту, қазақ күресі, сұрақ-жауап, өлең-жырлар оқылды. 

Мүбәрак мейрамның құрметі үшін барша жамағатқа,  иманды азаматтарға мүгедектер, жетімдер мен жесірлер, әсіресе қараусыз қалған ата-аналарға қайырымдылық жасалады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру