Әлем мұсылмандары бүгін Құрбан айт мейрамының алғашқы күнін тойлап жатыр. Ақжайық жамағаты айттың алғашқы күні "Орал" орталық мешітіне жиналып, айт намазына қатысты.
Айт намазы Оралда таңғы сағат жетіде оқылды. Құлшылық етуге келген халықтың көптігі соншалық, қаладағы ең үлкен мешітте ине шаншар орын қалмады. Ақжайық жұртын Құрбан айт мерекесімен Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Қанатқалиұлы құттықтады.
Айт намазы оқылып болған соң, ниет білдірген қауым мешіт артында мал соятын арнайы орында құрбандық шалды.
Елімізде имандылыққа бет бұрған жылдардан бері ата дініміздегі дəстүрлер белең алып, өзіміздің салт-дəстүрлеріміз қайта жаңғыра бастады. Біз де барша Ақжайық жұртын Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
11.08.2019
2507
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру