Әлем мұсылмандарының ұлық мейрамын Ақтөбе облысының жұртшылығы айрықша қуанышпен қарсы алды. Ақтөбе мешіттерінде таңғы сағат 7.00-де айт намазы басталды. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне арнайы келіп, облыс жамағатын мерекемен құттықтады.
Аллаға құлшылықпен басталған мұсылман мейрамы, әрі қарай өзінің нақышты сән-салтанатымен ұлттық мерекеге ұласты. Өңір басшысы өз құттықтауында:
Бұдан кейін Нұр-Сұлтаннан арнайы келген ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан қажы Есмахан жұртшылыққа Бас мүфтидің ыстық сәлемін жеткізіп, халыққа ізгі тілегін арнады. Наиб мүфти айт намазын жүргізіп, хұтпа оқыды.
Облыс басшысы О.Оразалин көпшілікпен бірге киіз үйлерден дәм татып, ұлттық ойындарды тамашалады. Жастарға ұлттық ойын түрлерінен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Топ-топқа бөлінген жамағат арқан тартысып, күресіп, білек күшін сынасты. Жеңімпаздарға сый-сияпат үлестірілді.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nurgasyr.kz
11.08.2019
3711
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру