Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз шаһары айт намазымен нұрға бөленді

asyldin.kz 11.08.2019 3658 0 пікір
Тараз шаһары айт намазымен нұрға бөленді

Жамбыл облысының жүрегі болған орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне жиналған халық қарасы мол болды.

Таң намазынан айт намазына дейін мешітте Құран оқылып, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл жамағатты айтулы мерекемен құттықтап, оның ерекшелігі мен қасиеті жайлы тілге тиек етті.  

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов мешіт жамағатын қасиетті мерекемен құттықтап,  айтулы күннің еліміз үшін маңызын атап өтті. Өкіл имам құрбандық шалу туралы уағыз жүргізіп, дүйім жұртты намазға ұйытты. Намаздан соң құтпа оқылып, Құран аяттары бағышталды. Мешіттен шыққан көпшілікке дәм татар дастархан жайылып, ел айттауды Алла үйінен бастап кетті.

Ал, зиялы қауым өкілдері мешітте арнайы дайындалған айт дастарханында бас қосты. Келген жамағатқа құрма таралып, «Ораза айт құтты болсын!» атты баннер ілінді.

Мереке құрбандық шалумен жалғасын таппақ. Аталған мереке мен құрбан малын шалу рәсімі 3 күнге созылмақ.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру