Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Өкіл имам облыс әкімімен кездесті

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 11.08.2019 3019 0 пікір
Қызылорда: Өкіл имам облыс әкімімен кездесті

ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Досмайылұлымен кездесті.

Өкіл имам жақында тағайындалған аймақ басшысын Құрбан айт мерекесімен және жаңа қызметімен құттықтады.

Келелі кездесуде Болатбек Ұласқанұлы аймақтағы діни ахуал және 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Сонымен қатар, ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен қолға алынған «Үздік имам», «Үздік жамағат», «Сыр жастары жарысады», «Бір отбасыдан бір тал» жобаларына және «Ел үлесі пәтерге», «Мектепке жол» республикалық акцияларына тоқталып, ұсыныстарын жеткізді.

Сұхбат соңында облыс басшысы Қуанышбек Досмайылұлы барша мұсылман қауымын қасиетті мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру