Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Сұлтан: Жаңа наиб имам жамағатқа таныстырылды

ummet.kz 11.08.2019 3597 0 пікір
Нұр-Сұлтан: Жаңа наиб имам жамағатқа таныстырылды

Бүгін «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы жұма намазына жиналған жамағатқа жаңа наиб имамды  таныстырды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Cерікбай қажы Ораздың бұйрығымен Абдрахманов Бақдәулет Нұрматұлы Шымкент қалалық «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» мешітінің І-наиб имамы қызметінен босатылып, Нұр-Сұлтан қалалық «Нұр Астана» мешітіне наиб имам болып тағайындалды.

Асқар Әбітайұлы жамағаттың алдында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығын оқып, Бақдәулет Нұрматұлына жаңа қызметінде табысты болуын тіледі.

Нұрматұлы Бақдәулет 2003-2008 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Жезқазған өңірі бойынша өкіл имамның орынбасары, наиб имам қызметін атқарған. 2008-2014 жылдары Қарағанды облысы, Сәтпаев қалалық «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің Бас имамы қызметін абыроймен атқарса, 2014 жылдан  Шымкент қалалық «Абдулхамит Қаттани» мешітінің Бас имамы қызметінде жемісті еңбек етті.



 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру