Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістанда жаңа мешіт ашылды

yassi.kz 11.08.2019 3270 0 пікір
Түркістанда жаңа мешіт ашылды

Құрбан айт қарсаңында Мақтааралда да бір мешіт ел игілігіне берілді. Мырзатөбе ауылыннан ашылған Алланың үйіне “Исмайыл” атауы берілді.

Тұсаукесерге ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет арнайы қатысты. Нұрбек Есмағанбет мырзатөбеліктерге Бас Мүфти Серікбай Ораздың құттықтау хатын оқып беріп, сый аманатын табыстады.

Көпшілікке Құнанбай қажының Қарқаралыдағы қырға салған мешітінің тарихы мен ғибратын мысалға келтірді. Жаңа ғибадат орнын салған Серікбай Егізбайұлына ҚМДБ Төрағасының атынан ризашылығын білдірді.

Мешіттің сыйымдылығы 150-200 адам. Алла Тағала сауапты амал атқарған кәсіпкерге разы болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру