ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы Облыс әкімдігі ғимаратында орналасқан өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында Құрбан айт мерекесіне орай баспасөз мәслихатын өткізді.
Баспасөз жиынында өкіл имам қасиетті Құрбан айт мерекесінің маңызы мен хикметіне тоқталып, шариғат бойынша құрбан шалудың үкімі, құрбандыққа шалынатын малға қойылатын талаптар мен құрбандық шалу рәсімінде сақталуы тиіс шарттарды баяндады.
Сонымен қатар, қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай, облыстық мешіт алаңында айт намазынан соң, мерекелік дастарқан жайылып, спорттық жарыстар өткізілетінін хабарлады. Және де облыс бойынша Айт намазы 07:00-де оқылып, аймақ мешіттері құрбан шалу рәсімін жүзеге асыру үшін көмектесуге дайын екендіктерін жеткізді.
Жиын соңында жергілікті БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріліп, өкілдік тарапанынан дайындалған ақпараттық кітапшаларды таратылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
09.08.2019
2651
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру