Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде «Қасапшылық талаптары мен шарттары» атты семинар өтті

nurgasyr.kz 09.08.2019 3043 0 пікір
Ақтөбеде «Қасапшылық талаптары мен шарттары» атты семинар өтті

Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев Ақтөбе қаласындағы құрбандық шалынатын орындарда болып, қасиетті Құрбан айт қарсаңында қасапшыларға арналған «Қасапшылық талаптары мен шарттары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Айт күндері құрбандық шалынатын негізгі орындар: мал базарындағы «Есік» ет комбинаты мен ЖК «Молдабеков» және 41-ші разьездегі «Айбек» мал сою алаңында өткен семинар-тренингтерге қасапшылар белсенді түрде қатысты.

Наиб имам ұжым мүшелерін алдағы Құрбан айтпен құттықтап, әрі қарай әңгімені тақырыпқа сай тарқатты. Құрбандық қалай шалынады? Еті кімге таратылады? Терісін пайдалануға бола ма?» деген және т. б. мәселе төңірегінде сөз қозғалды. Мал сойғаннан кейін қасапшыға еңбекақы ретінде мал терісі немесе ет, бас, сирақтары берілмейтіні, бірақ, сый ретінде беруге болатыны айтылды. Ал еңбекақысын бөлек төлеу керектігі де сөз болды.

Сонымен бірге мекеме басшыларына қасапханаларды талапқа сай жабдықтау, мал сою ережелерін қатаң сақтау, мал сою орындарындағы тазалық мәселесін жіті бақылау жүктелді. 

Сонымен қатар Ақтөбе қаласында Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындарда мешіт тарапынан бата беріп, діни рәсімнің шариғат талаптарына сай орындалуын түсіндіретін дін қызметкерлері мен имамдар бекітілді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру