Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Орал облыстық орталық мешітінде» қасапшыларға арналған «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты семинар жүргізілді.
Шараға Орал облыстық орталық мешітінің азаншысы, әрі ҚМДБ «Халал даму» ЖШС-ның БҚО бойынша өкілі Асхат Асылбеков, «Тәжиден Батырұлы» мешітінің наиб имамы Әсет Романқұлов қатысты.
Семинарда мал союдың өзіндік мәдениеті, талап-шарттары мен ережелері болатынын айтып, қасапшыларға өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Семинарда «Тәжиден Батырұлы» мешітінің наиб имамы Әсет Исламбекұлы құрбан шалудың шариғаттағы үкімдері мен талаптарын қасапшыларға кеңінен түсіндірді. Артынша қасапшыларға семинардан өткендігін дәлелдейтін сертификаттар берілді.
Шариғи үкімдер жан-жақты тарқатылған семинардан тәлім алған қасапшылар өкілдік ұйымдастырған шараға ризашылық білдірісіп, құрбан шалу барысында семинардан үйренген сабақтарын іске асыратындарын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
09.08.2019
2661
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру