Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Құрбан айт қарсаңында өкіл имам қасапшылармен кездесті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 09.08.2019 2824 0 пікір
Маңғыстау: Құрбан айт қарсаңында өкіл имам қасапшылармен кездесті

Құрбан айт қарсаңында Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков өңірдегі мал сою орындарын арнайы аралап, қасапшылармен кездесіп, шариғат бойынша мал сою ережелерін түсіндірді.

Қасапшыларға құрбандық шалу айт намазынан бастап айттың үшінші күнінің күн батқан уақытына дейін жалғасатыны, одан ерте немесе кеш сойылған мал құрбандық есебіне жатпайтыны, сынды жайттар айтылды. Сонымен қатар мал сатушылармен де кездесіп Құрбан айт күндері малдың бағасын қымбаттатпауын ескертті.

Жиын соңында өкіл имам келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Маңғыстау облысы бойынша айт намазы таңғы сағат жетіде оқылатынын жеткізді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру