Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Ұлық мейрамға қатысты брифинг

Taglym.kz 09.08.2019 2807 0 пікір
Талдықорған: Ұлық мейрамға қатысты брифинг

Биылғы Ұлық мейрамның ерекшелігі жайлы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Талдықорған өңірлік өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы мен Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы әңгімелеп, Жетісу жерінде қолға алынып жатқан игілікті істердің маңыздылығын таныстырды.

Атап айтқанда биылғы Құрбан айт намазының сүннет үрдісіне сай орталық мешітте ғана оқылатындығы туралы, сонымен қатар, дәстүрлі "Жетісу желаяғы" атты ұзақ қашықтыққа жүгіру марафоны мен қатар түрлі спорттық шаралар өтуі туралы хабарлады. Айттың құрметіне қала бойынша тегін автобус бағыттары жүруі, орталық саябақта балаларға тегін демалыс ұйымдастырылуы да шеттен тыс қалмайтын болды.

Жылдың тағы да бір ерекше жаңалығы - Жетісу жерінде алғашқы "Қарилар даярлау орталығының" ашылуы туралы да тыңғылықты ақпарат берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру