Бүгін «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев пен іс басқарушысы Қаныбек Кеулімжаев Ақтөбе қаласындағы құрбандық шалынатын орындарды аралап, алдағы Құрбан айтқа дайындық барысымен танысты.ҚМДБ тарапынан қойылған тапсырмалардың орындалуы пысықталған басқосудан кейін, бүгін дін қызметкерлері Ақтөбедегі мал союға белгіленген 5 орынды бірдей арнайы аралап шықты. Бұлар: мал базарында орналасқан «Есік» ЖШС және ЖК «Молдабеков», «Тандем», 41-ші разьездегі – «Айбек», «Жаңақоныс» ауылындағы – ЖК «Қасымов», Мағаджан орман шаруашылығындағы – «Кіші Құм» ШҚ мал сою алаңдары.
Құрбандық шалынатын орындардағы жауапты қызметкерлермен кездесу барысында, Құрбан шалу рәсімінің шариғат талаптарына сай орындалуы еске салынып, мал сою орындарындағы кейбір мәселелерді ретке келтіру қажеттігі айтылды. Ол үшін қасапханаларды талаптарға сай жабдықтауға және мал сою ережелерін қатаң сақтауға назар аудару тапсырылды.
Бүгінде мал сою алаңдарында барлығы жолға қойылған. Дегенмен, құрбан шалуға ниет еткен адамдардың көптігіне байланысты, айт күндері тазалық сақтау мәселесі туындайтыны түсінікті. Ол үшін айт күндері тазалық жұмыстарын ерекше қадағалап, бұл мәселеге көбірек мән беру және бағаны аса шарықтатпай, реттеп отыру жауапты тұлғаларға айрықша тапсырылды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nurgasyr.kz
07.08.2019
2980
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру