«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматы облысының филиалы мен ҚМДБ-ның Алматы облысы, Алматы аймағы бойынша өкілі Наржанов Қуаныш Бақытбекұлының қолдауымен «Үшқоңыр медресе колледжі» мекемесінде 0112000 «Исламтану» мамандығы «Ұстаз» біліктілігі бойынша көлемі 432 академиялық сағаттан тұратын қысқа мерзімді 3 айлық курстар ұйымдастырылды. Тыңдаушылар ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының ұстаздары болды.
Бағдарлама мақсаты - тыңдаушыларды ұстаздық қызметпен айналысуға куәландыруды, берілген білімдерін жетілдіруді, араб тілі, фиқһ, Құран Кәрім, ақида, т.б. пәндерді тереңірек меңгеруіне жасалған қосымша мүмкіндіктер.
Нәтижеде 19 тыңдаушыға теориялық курсты және тәжірибені толық өтіп, біліктілік емтиханды ойдағыдай тапсырған, кәсіби біліктіліктерін арттырып шыққанын растайтын куәлік берілді. Марапаттау рәсімін ҚМДБ-ның Алматы облысы, Алматы аймағы бойынша өкілі, «Қарасай батыр» мешітінің бас имамы Наржанов Қуаныш Бақытбекұлы салтанатты түрде құттықтай отырып, жұмыстарының жемісті болуына тілекпен табыстады.
Сөз соңында түлектер курстың ұйымдастырылуына мүмкіндік жасаған колледж басшылығына, ұстаздары Багдал Ардагуль, Багдал Ардақ, Жолдаспаева Нұргүл, Хатыран Лазина, Омарбекова Шолпан, Кадырова Гүлшат, Секрухан Аршагул ханымдарға алғыстарын айтты.
Бастаманың игілікті екенін айтқан шәкірттер ұсыныстарына сәйкес алдағы жаңа оқу жылында «Ұстаз» біліктілігі бойынша қысқа мерзімді 3 айлық курстары жұмыстарын жалғастыру жағы қарастырылмақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
07.08.2019
3886
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру