Қасиетті Құрбай айт мерекесіне орай, ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен БҚО-ның орталық коммуникациялар қызметі орталығында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция болып өтті.
Баспасөз мәслихатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орал қаласы Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Мейрамбек Ақылбекұлы жүргізіп:
"Құрбан шалғанда «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, ләә илаһа иллаллаһу, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» деп тәкбір айтылып, «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» деп бауыздалады. Ең абзалы, құрбанды иесінің өзі бауыздағаны дұрыс. Басқаға өкілеттігін тапсырып сойғызуға да болады. Иесінің құрбан малының жанында тұрғаны жөн. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – сауап. Бір бөлігі туған-туыс, көршілеріне, екінші бөлігі кедей мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі өзінің бала-шағасына, отбасына беріледі",- деген сынды бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды.
Жиылған БАҚ өкілдеріне қасиетті Құрбан айт ұлы мереке екенін ескертіп, Арафа күні ораза ұстауға шақырып, қойған сауалдарына жауап берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
07.08.2019
2825
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру