ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан «Қабақ баба» мешітінде қала имамдарымен Құрбан айтқа дайындық мәселесін пысықтағаннан кейін, дін қызметкерлерімен бірге «Ақжар-2» тұрғын үй алабында болып, салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты.
Сәуір айының соңында Т.Дәділұлының қатысуымен іргетасы қаланған болашақ ғибадатхана – 700 адамға арналған. Өкіл имамның құлшылық орнында қазіргі заманға сай жағдай жасалып, келген адамдарға барынша қолайлы болуы жөніндегі ұсыныс-пікірлері ескерілген. Жаңа мешітте намазханадан бөлек, Құран оқытатын, неке қиятын бөлмелер мен сыныптар болмақшы.
Естеріңізге сала кетейік, бұл – қазіргі уақытта облыс көлемінде салынып жатқан 3 мешіттің бірі. Қасиетті Рамазан қарсаңында, 4 мамырда қаламен іргелес «Бауырластар» елдімекенінде 300 адамға арналған ғибадатхана құрылысы басталған болатын. Ал Рамазаннан кейін Мұғалжар ауданының орталығы – Қандыағаш қаласында 600 адамдық жаңа мешіттің құрылысы да қолға алынды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nurgasyr.kz
06.08.2019
3405
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру