Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Облыстық қасапшылар семинары өтті

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 06.08.2019 2859 0 пікір
Қызылорда: Облыстық қасапшылар семинары өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде облыстық қасапшылар семинары өтті.

Қасиетті Құрбан айт қарсаңында өткізілген оқыту семинарында облыстық мешіттің наиб имамы А.Жұбанов аймақ мешіттерінде құрбан шалу рәсімін жүзеге асыруға жауапты қасапшыларға құрбан шалудың хикметі мен шариғат бойынша құрбандық малына және құрбандық шалу рәсімінде ескерілуі тиіс шарттарға тоқталып, толық түсіндірді.

ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша жауапты өкілі П.Шарапатова халал стандартына сәйкес, мал бауыздау рәсіміне қойылатын талаптар мен қағидаларды баяндады.

Семинар соңында, сұрақтарға жауап беріліп, жергілікті халықтың қасиетті құлшылықтарын жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратын қасапшылық жұмысты жауапкершілікпен атқарулары ескертілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру