Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Құрбан айт дайындығы пысықталды

nurgasyr.kz 06.08.2019 2865 0 пікір
Ақтөбе: Құрбан айт дайындығы пысықталды

Бүгін ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі «Қабақ баба» мешітінде қала имамдарының жиынын өткізіп, алдағы қасиетті Құрбан айт мейрамына дайындығын пысықтады.

Жиын барысында өкіл имам Төлеби Оспан облыс орталығындағы 10 мешіттің имамдарын Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмаларымен таныстырып, 11-13 тамызда атап өтілетін Құрбан айт мейрамын облыс көлемінде лайықты түрде қарсы алып, жоғары деңгейде атап өтуді жүктеді.

Сонымен бірге ҚМДБ тарапынан Құрбан айт барысында орындалуы тиіс тапсырмалар талқыланған жиында өкіл имам, мал сою ережелерінің сақталынуын, қасапшылармен түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін, сонымен қатар айт күндері мешіт тазалығына ерекше көңіл бөлінуін тапсырды.

Бұдан бөлек, Құрбан айт қарсаңындағы ақтөбелік имамдардың басқосуында Құрбан айт мейрамында қайырымдылық шараларын өткізіп, «Мектепке жол» республикалық акциясына қаладағы мешіттердің өз үлестерін қосып, белсенді түрде атсалысуы керектігі айтылды. Ең бірінші кезекте аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты және қамқоршысынан айырылған аналарға көмектесу міндеттелді.

Жиын соңында қала имамдары «Қабақ баба» және «Сүлеймен ата» мешіттерінің Құрбан айтқа дайындығымен танысты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру