Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Наиб имам телеарнаға сұхбат берді

Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі 06.08.2019 3216 0 пікір
БҚО: Наиб имам телеарнаға сұхбат берді

Жақында Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев жергілікті «Ақжайық телеарнасының «Күншуақ» бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат «Тәрбие тал бесіктен басталады» турасында өрбіді.

"Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады. Баланы бесіктен тәрбиелеу қажет. Баланы бесікке салу дәстүрі баланың жетіліп, өсуіне септігін тигізеді. Ата- бабамыздан қалған мұраны одан әрі жалғастыру біздің еншімізде. Баланы бесікке саларда ауылдың аса құрметті анасы таңдап алынады. Көп бала өсіріп, тәрбиелеп ардақты анаға жас сәбиді бесікке салу рәсімі сеніп тапсырылады. Осылайша, қазақ халқы жас сәбиге асыл аналардың жолын берсін деген ниетпен ырымдаған",-деді наиб имам.

Наиб имам Наурыз Ибатұлы өз сұхбатында журналисттің сұрақтарына жауап берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру