Қызылорда облысы, Жалағаш ауданына қарасты Мырзабай ахун атты ауылда жаңа құлшылық үйі ашылды.
Мешіттің ашылу салтанатына қатысқан қадірлі қонақтар ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, Мырзабай ахун ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасым Кәрімбаев сөз алып, xалқымызды имандылыққа тәрбиелеуде мешіттің алар орны ерекше екендігін атап өтті.
Өкіл имам қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында ашылған құлшылық үйінің құрылысына атсалысқан барша жанашыр азаматтарға, атап айтқанда "Әділет" студиясының директоры, жеке кәсіпкер Ә.Байнашевқа алғысын білдірді.
100 адамға арналған жаңа мешіттің лентасы салтанатты түрде қиылған соң, жиылған жамағат екінті намазын оқып, еліміз үшін, дініміз үшін дұға жасады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
05.08.2019
3706
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру