Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Даналықтан дән ізде

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 05.08.2019 3068 0 пікір
БҚО: Даналықтан дән ізде

Облыстық «Орал» орталық мешіті, «Тәжиден Батырұлы» мешіті мен Түлбаев Мұхаммед-Ғариф мешіттері бірігіп, Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 4,5,6 сынып оқушылары арасында «Даналықтан дән ізде» атты Абай шығармаларын мәнерлеп оқудан жарыс өткізді. Байқауға 30-дан астам жас өрен қатысып, өнер-қабілеттерін сынады.

Байқаудың мақсаты - жасөспірім балаларды жазғы демалысты пайдалы өткізуге баулу, ұлы ақын өлеңдерінен ғибрат алып, адами қасиеттерге тәрбиелеу.

Байқаудың құрметті қонағы «Тәжиден Батырұлы» мешітінің наиб имамы Наурыз Ибатұлы жүлделі орын алған жасөспірім балаларға сыйлықтарды табыстады. 

Алдағы уақытта жастарға арналған ғибратты шаралар жалғасын таппақ.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру