Маңғыстау облыстық орталық мешіті жанында орналасқан ҚМДБ-ға қарасты Ақтау қалалық қайырымдылық мекемесінде 5 маусымнан бастап оқушыларға арналған діни сауатын жетілдіретін жазғы лагерь жұмысын бастаған болатын. Екі топтан тұратын барлығы 130 ер бала мен 110 қыз бала бүгінде жазғы лагерьде діни білімдерін жетілдіріп шықты.
Қабылданған шәкірттер білім деңгейіне және жас ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлініп оқыды. Балаларды Құранға түсіріп, балаларға арналған қысқаша дұғалар жаттатып, Әбу Ханифа мәзһабы бойынша намаз үйретілді. Сенімге, ғибадатқа байланысты кез- келген мұсылман білуі тиіс мәліметтер үйретіліп, оқушылардың жазғы демалысы тиімді, пайдалы әрі қызықты өтті.
Жазғы демалыста Нұр-Мүбарак университетінің шәкірттері мен Шымкент, Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері сабақ берді.
Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков орталық мешіт ұжымы атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
05.08.2019
3130
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру