Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай қала әкімдігінде жиын өтіп, діни мерекені өткізу жұмыстары пысықталды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, ҚМДБ-ның облысымыздағы өкіл имамы Мұратбек Қыстаубаев және шаралардың өтуіне жауапты мекеме өкілдері қатысты.
Құрбан айтта жасалатын амалдардың бірі – құрбан шалу. Өткен жылы бес орында құрбан шалынған болса, биыл үш орын белгіленіп отыр. Олар – «Ел ырысы» базары мен «Батыс Адал Ет» және «Кублей» ЖШС ұсынып отырған алаңдар. Бұл үш орын халықтың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті екен. Өкіл имам Мұратбек Қыстаубаев мал сою орындарындағы кейбір мәселелерді ретке келтіруі қажеттігін атады.
"Облыс орталығында белгіленген құрбан шалу орындарында барлығы жолға қойылған. Дегенмен, халық мол сою орындарындағы ішек-қарын, қалдықтардың уақытылы тазартылмайтындарын айтады. Бұл бір-екі күндік қана шара. Сол себепті тазалық мәселесіне баса назар аударылса деген өтініш бар", – деді Мұратбек Мұхтарханұлы.
Әр мал сою пунктінде орта есеппен күніне екі мыңнан аса мал сойылады екен. Құрбан шалуға ниет еткендердің көптігіне байланысты пункттерде көлік кептелісі де туындайды. Сол себепті қозғалысты реттеп отыру қажеттігі айтылды. Қала әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы мерекені атап өту барысында жергілікті полиция қызметіне кезекшілік қоюды, ветеринария бөліміне тазалық сақтау жұмыстарын баса қадағалауды тапсырды.
Үш күндік айт мәдени-көпшілік, қайырымдылық шараларымен айшықталатын болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
02.08.2019
2894
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру