Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде Құрбан айт дайындығы басталды

nurgasyr.kz 02.08.2019 3542 0 пікір
Ақтөбеде Құрбан айт дайындығы басталды

Бүгін Ақтөбе қалалық әкімдігі орталық көшелер мен көрікті жерлерге баннерлер іліп, жергілікті тұрғындар мен қонақтарды мерекемен құттықтауда. Айт мерекесінің хабаршысы болған түрлі-түсті көрнекіліктер – биылғы жылы 150 жылдығын тойлап отырған Ақтөбе қаласын ерекше ажарландыра түскені сөзсіз.

Алдағы Айт мерекесіне орай, Ақтөбе қаласының әкімдігі санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында, құрбандыққа шалынатын малдарды сату, сою және таратуға рұқсат етілген арнайы орындарды да бекітіп отыр. 

Біз барша ақтөбеліктерді алдағы Құрбан айт мерекесімен құттықтай отырып, арнайы белгіленген орындарда құрбандық шалуға шақырамыз. Сонымен бірге жерлестеріміздің құрбандық шалынатын орындардағы тазалық пен ұқыптылыққа мән бергендері жөн.

Ақтөбе қаласында Құрбандық шалынатын орындар:

«Есік» ЖШС. Мекен жайы: Мал базары.

Жауапты: Айнағұлов Бақытжан. Тел.: 7 701 459 31 62.

ЖК «Молдабеков». Мекен жайы: Мал базары.

Жауапты: Айнағұлов Бақытжан. Тел.: 7 701 459 31 62.

АТК «Айбек». Мекен жайы: 41 разьезд.

Жауапты: Ерсарин Сисенбай. Тел.: 7 705 551 21 86.

ЖК «Қасымов». Мекен жайы: Жаңақоныс ауылы.

Жауапты: Ахметов Серік. Тел.: 7 705 819 8580.

«Кіші құм» Ш/Қ. Мекен жайы: Мағажан орман ш-ғы (Заречный).

Жауапты: Смағұлов Құдайберген. Тел.: 7 705 397 3864.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру