Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай қала, аудан және ауыл имамдарының жиыны өтті.
Жиында Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков ҚМДБ тарапынан Құрбан айт мерекесі барысында атқарылуы тиіс міндеттемелерді айтып өтті. Соның ішінде мемлекеттік мекеме өкілдерімен келісе отырып көпшілік орындарда, көшелер мен сауда орындарында, мешіт ауласында «Құрбан айт құтты болсын» деген атаумен баннерлер мен билбордттар ілінуін, жергілікті зиялы қауым өкілдеріне Құрбан айтпен құттықтау қағаздарының жіберілуін, мешіт аулаларында мәдени- рухани іс –шаралар, ұлттық ойындар ойналуын, құрбан айт мерекесін дініміз бен дәстүріміздің шеңберінде, ұлттық нақышта тойлануын, айт күндері қайырымдылық шараларын күшейтіп, мал союдың ережелері сақталынуын, қасапшылармен түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін сонымен қатар айт күндері мешіт тазалығына ерекше көңіл бөлінуін жүктеп, жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Одан бөлек атқарылған шаралар БАҚ беттерінде жарияланып, Құрбан шалудың үкімі, талаптары турасында мақалалар шығуын тапсырды.
Жиын соңында ағымдағы мәселелер талқыланып, имамдардың құрбан айтқа дайындығы пысықталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
02.08.2019
3027
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру