Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арқалық: Жаңақаладағы жақсы жаңалық

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.08.2019 3978 0 пікір
Арқалық: Жаңақаладағы жақсы жаңалық

Жақында Арқалық қаласына қарасты Жаңақала ауылында мұсылмандардың құлшылық орны «Намазхана» салтанатты түрде ашылды. Бұл, биылғы жастар жылындағы ауыл жастарының елге қосқан сүбелі еңбегі. Ауылдың жігіттері өздері ақылдаса келіп, халықты имандылыққа баулу мақсатында өз қаражаттарымен аталған киелі орынды пайдалануға берді.

Намазхана үйінің ашылу салтанатына Әулиекөл ауданы және Арқалық шаһарының бас имамдары Нұрбол Балахметов пен Бектұрсын Уәлиев, сонымен қатар қала әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров, ішкі саясат бөлімінің басшысы Мансия Айтмағамбетова, «Жастар ресурстары» орталығының жетекшісі Аманкелді Ахметжанов және басқа да азаматтар қатысты.

Осы басқосуда Арқалық қаласының бас имамы Бектұрсын Уәлиев жиналған қауымды шын жүректен құттықтап, өздерінің лайықты үлестерін қосқан жастарға алғысын білдірді. Оларға алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасыларында бақыт, қызметтерінде табыс тіледі.

Ал жиналғандарға имандылық ордасының қалың жұртшылықтың жиі басқосар орнына айналатындығына нық сенімді екенін айтты. Сөйтіп, намазханаға қасиетті Құран мен аяттар жазылған тақтаны тарту етті.

Намазханаға аталмыш ауыл тұрғыны Бауыржан Мырзабекұлы жауапты қызметкер болып тағайындалды. 

Сондай-ақ жоғарыда әңгіме арқауына айналған намазхананың тұрғызылуына өздерінің демеушілік көрсеткен барша азаматтарға «Алғыс хат» табысталды.

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру