Жаңа тағайындалған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, «Орал» орталық мешітінің бас имамы Мұратбек Қыстаубаев облыс, қала, аудан мешіт имамдарының басын қосып, жиын өткізді.
Бас имам Мұратбек Мұхтарханұлы облыс, қала, аудан имамдарымен танысып, имамдардың дінімізге қосып жасап жатқан үлесімен қатар, атқарып жүрген игі жұмыстарының бар екенін айта келе, имамның қоғамдағы орны айрықша болу керек екенін, әр мешіт қызметкерлері өзара тығыз байланыста болып, ауызбіршілікте, ынтымақта, ақылдаса отырып, жұмыс жасағанда ғана кез келген ағымға жол бермейтіндігін айтып, дін қызметкерлерін жауапкершілікке аса мән беруге шақырды.
Келе жатқан «Құрбан» айт мерекесін талқылап, облыста жоғары деңгей өткізуді тапсырды.
Имамдар өкілге көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
01.08.2019
3218
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру