ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» бөлімінің және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар орталығы» ғимаратында Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің жазғы сауат ашу курсында білім алушы балаларға «Күлтегін» мультфильмі көрсетілді.
Тарихтан сыр шертетін «Күлтегін» мультфильмінде көшпенді халықтардың басын біріктірген Түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің қалай батыр болғаны туралы айтылады.Шараның мақсаты - балаларды ерлікке, бірлікке тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шара соңында балалар Жастар орталығының жаңа ғимаратын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
01.08.2019
3149
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру