Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Нұр-Ғасыр» #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдады

nurgasyr.kz 31.07.2019 3837 0 пікір
Ақтөбе: «Нұр-Ғасыр» #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдады

Өткен демалыс күні ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен Қарғалы өзеніне серуен-саяхат ұйымдастырылды. «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Н.Шәкизадаұлы, Қ.Дәрменқұлов, Б.Дүйсенәлі бастаған жамағат #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдау мақсатында Қарғалыда сенбілік өткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, 16 шілдеде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев #Birge#TazaQazaqstan акциясын жариялаған болатын. Содан бері осынау игі бастама еліміздің түкпір-түкпірінде қызу қолдау тауып келеді. 20 шілдеде аталмыш министрліктің қолдауымен Елорданы қоқыстан тазартуға арналған экологиялық акция өтті. Қоянды су қоймасындағы экологиялық акцияға мыңнан астам адам қатысып, 10 тоннадан астам қоқыс тазартылды.

#Birge#TazaQazaqstan акциясын Қазақстан президенті Қ.Тоқаев қолдады. Бұл туралы олTwitter желісіндегі парақшасында: «Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағына айналдырайық. Бірге – Таза Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар! #Birge #TazaQazaqstan», - деп жазды.

Осылайша, «Нұр Ғасыр» мешіті де шілдедегі республикалық экоакцияға атсалысып, сауапты іске үлес қосты. Облыс көлеміндегі негізгі су нысандарының бірі – Қарғалы өзенінің жағалауын күл-қоқыстан тазартуға белсене қатысып, экологиялық эстафетаны сәтті жалғастырды.

Далалыққа серуенге шығып, сауапты іс жасаған мешіт жамағатының өнегелі ісі өзгелерге де үлгі болып, жақсы жалғасын табады деген сенімдеміз. Өйткені, «Табиғатты аялау – әрбір адамның парызы» екендігі сөзсіз. Барша жұртшылықты экологиялық акцияны қызу қолдауға шақырамыз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру