Бүгін Жамбыл облысынан қажылыққа аттанатын тұрғындарды "Һибатулла Тарази" мешітінде қасиетті сапарға шығарып салу шарасы өтті.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл көпшілікке қажылықтың әдебі, бірлік, қажылыққа бастап барған дін маманына бағыну сынды тәртіп, жоспарларды түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, Құран оқып, жамағат жолаушыларға дұға жасады.
Жүректері қағбаны көруге асық қарт пен жасқа мешіт қызметкерлері мен қажылардың жақындары жылы лебіздерін, қағбаға, пайғамбарымызға сәлемдерін айтып, алыс жол жүруге дайын қажыларды сәт сапар тілеп шығарып салды.
Айта кету керек, бұған дейін қажылыққа дайындық семинары жүргізілген болатын.
Алла Тағала қабыл еткен қажылықтардан болсын деп, жолаушыларға сәт-сапар тілейміз!















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
asyldin.kz
30.07.2019
3215
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру