Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Оңтүстік Африка Елшісі «Халифа Алтай» мешітінде

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 30.07.2019 3440 0 пікір
ШҚО: Оңтүстік Африка Елшісі «Халифа Алтай» мешітінде

Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мэттьюс Кийтумеци Тандека ханым Шығыс Қазақстан облысына жасаған танысу сапары барысында облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды. Құрметті қонақты наиб имам Дәулет Қабидолдин қарсы алды.

Елші ханым шығыс өлкеге келген сапарында мешітті тамашалап, тағзым етуге келгендігін жеткізді. Әңгіме барысында Елші Мэттьюс Кийтумеци Тандека ханым Өскемендегі осы мешіт туралы және қазақ халқының салт-дәстүрі жайында имамға сұрақтарын қойып, рухани әңгіме өрбітті.

Наиб имам мәртебелі мейманға «Халифа Алтай» мешітін таныстыра келе: «Ислам діні халықтар арасындағы достықты, бейбітшілікті уағыздайды. Еліміздегі ұйыған тыныштық пен діндер арасындағы татулық, ислам құндылықтарының орнығуы мемлекет саясатының жемісі» деп, Қазақстандағы бейбітшіліктің маңызы туралы айтып өтті. Ол сонымен қатар Елшіге ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабын тарту етті.

Елші ханым исламға деген құрметін білдіріп, бүгінгі күні осынау ғажайып мешітте болғандығына қуанышты екендігін жеткізді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру