«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде мектеп оқушыларына арналған жазғы діни сауат ашу курсы болды. Өткен аптаның соңында 3 кезеңнен тұратын және әр маусымы 3 аптаны құрайтын курстың екінші кезеңі аяқталды.
Діни сауат ашу курсының 2 кезеңінде де 8-13 жас аралығындағы 60 бала қабылданды. Олардың ішінде 30 қыз бала, 30 ер бала бар. Ер балалар – «Нұр Ғасыр» мешітінде, ал қыз балалар – әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында оқыды.
Негізгі бағдарлама бойынша оқытылғаны: Құран әліппесі, Тәжуид ережелері, Құран кәрім, Намаз сабақтары, Пайғамбар өмірбаяны, Әдеп дәрістері, Алла тағаланың 99 есімі. Мұнымен бірге әртүрлі зияткерлік сайыстар, спорттық жарыстар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
Өткен сенбіде «Нұр Ғасыр» мешітіне жылжымалы кинотеатр келіп, жазғы күндізгі діни сауат ашу курсының екінші кезеңінде оқыған балаларға мультфильмдер көрсетілді. Мешіт ұстаздары ұйымдастырған шарада балдырғандар өздерінің достарымен бірге, қазақ тіліндегі қызықты мультфильмдерді тамашалап, демалыс уақыттарын көңілді өткізді.
Еске сала кетейік, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының соңғы үшінші кезеңі алдағы 3 тамызда басталғалы отыр.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nurgasyr.kz
30.07.2019
3449
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру