Кеше облыстық «Жастар ресурстық» орталығында мешіттеріміздің әйел жамағаты «Ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты.
«Әйел – ұлт тәрбиешісі» деген ұранмен ұйымдастырылған тренингте облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова тақырыбында баяндама жасап, қыз-келіншектер арасындағы мәселені шариғат шеңберінде түсіндірсе, №6 қалалық емханасының акушер-гинекологы Г.Бұхарбаева «Әйел физиологиясы мен саулығы» жайлы әңгіме өрбітті. Ал, «Қалыңдық мектебінің» коуч-тренері Н.Башиева қыз бала тәрбиесі жайлы кеңестер беріп, әйел-аналардың қоғамдағы рөлі жайлы айтты.
Жиын соңында мамандар тыңдаушылар тарапынан тақырып аясында қойылған түрлі сұрақтарға толыққанды жауап берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
30.07.2019
3218
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру