Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Алтынбек Ұтысханұлы Арыс қаласында

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.07.2019 2706 0 пікір
Түркістан: Алтынбек Ұтысханұлы Арыс қаласында

ҚМДБ Төрағасының тапсырмасымен Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Арыс қаласында болды. Орталық мешітте жамағатпен жүздесті. Құрылысы аяқталып қалған үйлердің тұрғындарымен де тілдесті. Ай бойы рухани дем берген дін қызметкерлеріне арыстықтар алғыстарын айтып қалды.

Алтынбек Ұтысханұлы сапарының екінші күні Түлкібас ауданында өткен дала семинарына қатысты. Аудан имамдарын жұмадан тыс уағыздарды жаңалап әрі ықшамдап айту, тақырыптарын бекіту, көшпелі мәжілістерді жиілеу, жалпы ЖАНТ жұмысын жандандыру бойынша тың жоспарлармен таныстырды. "Ақсу-Жабағылы" мемлекеттік табиғи қорығы мен мұражайын аралап қайтты.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру